ЕДІРЕЙ ТАУЛАРЫ, МӘДИДІҢ ҚАРА ҮҢГІРІ
Қарқаралы ауданы, Едірей ауылы маңында орналасқан. Едірей – Сарыарқадағы, Арқалық және Мыржық тауларының солтүстіндегі таулы жоталар. Көптеген жақпартасты шоқылар мен қырқалардан тұрады. Беткейлері тік құламалы, жартасты, аз тілімденген. Пермь мен девонның граниттері мен гранитті сиениттерінен түзілген. Қызғылт қоңыр сортаң топырағында бетеге, селеу, сұлыбас, жусан, қараған, тобылғы өседі. Аңғарларында шөпті айрауықты, шилі-бетегелі шалғындар кездеседі. Едірей тауларындағы Үшқарада Мәди Бәпиұлының үңгірі орналасқан. 1748 жылы Алтай және Қаракесек руларымен бірге Бөкей сұлтан да келеді. Осы жазбаларда Қарауыл мен Ұлы жүзге қарасты Қырғыз руының аралас көшіп қонатындықтарын баяндай келе, олардың да қаркесектермен қатар, Арқалық туларының баурайларынан қоныс тепкендіктері аталады. Ал, негізінен Қарқаралы, Кент, Боқты, Қу, Едірей тауларын қаракесек рулары иемденген. Қазақ тілінің едірею етістігімен бәлендей байланысы жоқ атау. Этимологиясы: көне түрік тілінде еді («жеті») және әрей («арай») сөздерінен қалыптасқан атау. Мәди Бәпиұлы патша үкіметінің қудалауына ұшырап, қашып жүргенде осы үңгірді паналаған. Қудалаушылардан қашып жүрген кезінде үңгірге тығылған сәттерінде от жаққан пеш орны бар.Ол пештің бір қасиеті от жаққан кезде түтіні тау жақпарларының арасымен кетіп, 2 шақырым жерден шығады.