Арнайы жобалар
Фото
Редакция таңдауы
Елордада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме өтіп жатыр
Фото: Артем Чурсинов
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Ruh.kz.
Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Creative & Innovation Institute» Орталық Азияның тұрақты даму Қоғамдық Қоры ұйымдастырды.
Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған.
Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.