Жаңалық
Елордада ҚХА-ның кезекті сессиясы өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясына «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбы арқау болмақ.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», – делінген Жарлық мәтінінде.