Жаңалық

Ертіс өңірінің оқушылары киелі жерлердің көрінісін ақ қағазға түсіреді

Павлодарда М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «Баянауылдың қасиетті жерлері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Оған ПМПУ ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, «Қазақстанның қасиетті жерлері» арнайы жобасының менеджері Еңлік Әбеуова мен С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстан тарихы және мәдениеті институтының директоры, тарих ғылымдарының кандиты Қайрат Батталов қатысты. Олар балаларды киелі әрі рухани маңызы зор деп есептелетін қасиетті жерлер туралы ақпаратпен таныстырды, деп жазады pavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының қасиетті жерлері балалар көзімен» облыстық жобасын жүзеге асыру шеңберінде көркем сурет және өнер мектептері, оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері жаз маусымында қасиетті орындарға саяхат жасайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша білім беру бөлімінің бастауымен Ертіс өңіріндегі 78 қасиетті орынды оқушылар ұстаздарымен бірге зерттейді. Табиғат аясында сабақтар өткізіледі», – дейді № 1 балалар көркем сурет мектебінің мұғалімі Дамир Серікұлы.

Оның айтуынша, тарихи жерлердің көрінісін ақ қағазға түсірген оқушылардың ішінен үздіктер жүлделі орындармен марапатталады. Ең жақсы жұмыстардан мұражайларда көрме ұйымдастырылады және оның ішінен «Павлодар облысының қасиетті жерлері» кітабына суреттер іріктеліп алынады. 200-ден астам оқушы жазғы демалыста ұйымдастырылатын көшпелі плэнерлерге қатысады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button