Түркістан облысы

Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулие

Төлеби ауданы,  Қазығұрт тауы баурайында орналасқан. Ел арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда, бағзы заманда бір сахабаның баласы жанына серіктерін ертіп, барлығы қырық кісі болып, қасиетті жерлерді аралап, түнеп, зиярат етіп кете беріпті. Ол кісілер Қазығұрт тауы баурайына барып, қазіргі Әңгірата ауылына жақын тұста орналасқан тасқа түнеп, соны мекенжай етіпті дейді. Тағы бір аңызда олардың атын «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деп атаса, екінші бір әңгімеде «Қызыр Ата Қырық Шілтен» дейді. Қалай десе де Қазығұрт бөктеріндегі жергілікті халық әлгі қырық кісіні  ғайыптан пайда болған әулиелер, олардың топтастырылып айтқандағы аты – Шілтер деп түсінеді. Содан ол жер «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» деп аталып кеткен. Расында да бұл атаудағы «Шіл» сөзі парсы тілінде «қырық» дегенді білдіреді.

 «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» – арабтың, көне түркінің және парсының сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «Ғайыбы» – «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайлық іс», «адам» деген мағынада жұмсалса, «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән» немесе «қырық дене» ұғымын береді. «Ғайып Ерен Қырық Шілтен әулиелер құрамындағы адамдар өз ажалынан өледі, бірақ көп ұзамай оның орны лайықты мұсылмандармен толықтырылады. «Әулиелердің ұлықтары Ғайып Ерен қырық Шілтенмен бірігіп намаз оқиды екен» деседі. Тағы бір аңызда:

Бұрынғы өткен заманда Бай деген адамның келіні туа алмай жүреді. Ақыры доп-домалақ бірдеңе туыпты, ол кішкене доптай екен. Оны жарып көрсе ішінен қырық бала шығыпты. Балалар өте кішкентай екен. Балалар күннен күнге үлкейіп, сағат сайын өсіп, бойлары ұзын, ерекше күшті алып батырлар болыпты. Балалар үлкейіп, оларды қырық қызға үйлендіріпті. олар үйлі-жайлы, балалы болып өмір сүріпті. Балалардың атын «Қырық шілтен» қойыпты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button