Жаңалық

ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығына халықаралық мәртебе берді

Қазақстанда осымен екінші жыл қатыранан Мәдениеттерді жақындастыру орталығы жұмыс істейді. Оның құрылу тарихы әлемдік саясат пен келісімге байланысты.

 

«2013-2022 жылдарды  БҰҰ Бас Ассамблеясы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық он жылдығы деп жариялады. Осы ретте, Қазақстанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткен жылды Қазақстанда «Мәдениеттерді жақындастыру оралығын» құрды», – деп Орталықтың тарихы турлы оның директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының доктары, профессор Карл Байпақов айтып берді

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қараша айында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым мен мәдениет бойынша арнайы мамандандырылған мекемесі ЮНЕСКО  Мәдениеттерді жақындастыру орталығына халықаралық мәртебе және ЮНЕСКО-ның ІІ санатын берді.

«Бұл халықаралық деңгейдегі жетістік біз үшін өте маңызды. ЮНЕСКО-ның екінші санаты берілген осындай орталық Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет ашылып отыр. Осының барлығы Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы беделінің және ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуының арқасында мүмкін болды. Бүгіннің өзінде Орталық көпұлтты мемлекетімізде түрлі мәдениеттерді жақындастыратын халықаралық диалог алаңына айналды», – деп түйіндеді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button