Жаңалық

Жас мамандарды әліппені жетілдіру ісіне араластырған жөн - Ұ.Есдәулет

Жақында Әзербайжан халқының біздің Бұқар жыраумен замандас болған ұлы ақыны Молда Пәнах Вагифтің 300 жылдық мерейтойында осы елдің Жазушылар одағының төрағасы, әйгілі жазушы Анар Рзамен, халық жазушысы, премьер-министрдің орынбасары Эльчин Эфендиевпен және мәдениет министрі Абулфас Гараевпен кездесіп, бірер ауыз болса да пікірлесудің орайы келді. 

Мемлекет және шығармашылық ұйым билігінде жүрген әдебиет пен өнердің белді өкілдерінің қай-қайсысы да қазақ елінің латын әліпбиіне көшуге қадам жасағалы жатқанынан хабардар болып шықты. Тамыры бір туысқан ел ретінде біздің ниетімізді құптап, өздері де соған мүдделес, тілектес екенін білдірді. Мен Анар ағамыздан «Әзербайжан елін латын әліпбиіне көшірудің басы-қасында болған, істің бүге-шігесіне дейін білетін маман бар ма?» деп сұрағанымда, ол мені Бақы қаласындағы Түрік орталығының президенті, Милли Мэджилистің депутаты, академик Низами Жафаровпен жолықтырды.  Өзінің Әзербайжанның Молда Пәнах Вагиф, Самед Вургун, Бахтияр Вагафзаде сынды ұлы ақындары шыққан Қазақ ауданында туғанын мақтанышпен тілге тиек еткен академик сөзінің әлқиссасынан-ақ Қазақстанның латын әліпбиіне еш іркілместен көшкені дұрыс қадам болатынын айтты.  – Латын әліппесіне республика да, халық та көшпейді – ұлттық тіл көшеді! Осы­ны ұмытпау керек! – деп қадай сөйледі ол.

Әзербайжанда тәуелсіздік алған бетте, сонау 1991 жылы латын әліпбиін қа­был­дамақ болған тұста, ең алдымен, басқа тіл­дер­мен бірге түбі бір түрік елінің де тәжі­рибесімен танысып, әліпбиін әбден зерттеген екен. Түріктердің әліпбиінде 29 әріп болса, әзербайжандар өз ерекшеліктеріне бағып 32 қаріпті енгізіпті.  Академик Низами Жафаровтың айтуынша, Әзербайжан әліпбиін латынға көшіру үш кезең бойынша жүзеге асырылған. Бірінші кезеңінің өзі он жылға созылған көрінеді. Латын әліпбиіне көшкен соң жоспарлы істі бірден мектептегі бірінші сынып оқушыларын үйретуден бастайды, ал екінші сыныптан бастап барлық оқушылар бұрынғыша кириллицамен оқытыла берген екен, ал латын әліппесі оларға тек қосымша пән ретінде енгізіліпті. Сөйтіп бұл елде он жыл бойы екі әліпби қатар жүргізілген.

Он жылдан соң кириллица өз-өзінен ығысып қалып қойған. Он жылдан кейін, 2001 жылдан басталған екінші кезеңде латынға бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары көшіріліпті.  Бұл кезең де өзінің қиындықтарымен есте қалды. Себебі алғашқы жылы бүкіл газет-журналдардың таралымы күрт түсіп кетті. Жұртты сенімсіздік билеген кезеңдер де бастан өтті. Латын әліппесіне қарсылар да масайрап бақты. Бірақ бұның бәрін біз табандылықпен жеңіп шықтық, деді академик. Н.Жафаров ең ауыр, ең ауқымды, ең жауапты міндетті үшінші ке­зең­нің арқалағанын айтты. 2004 жылдан бас­талған үшінші кезеңде бүкіл оқу­лық­­тар, классикалық, көркем, ғылыми әде­биет­тер латын тілінде жарық көре бас­тайды.  Әзербайжан елі де сын сағатында толқу, уайым, екіұдай дүдәмалдық секіл­ді сан түрлі сезім күйлерін бастан кешір­ген екен. Қаріпке байланысты реформа жасауда қажырлылық танытып, қы­руар жұмыс атқарған академик ағамыз: «Көшетін болсаңдар, тезірек көшкендерің жөн. Таразы-талқы, талас ешқашан түгесілмейді, айтыс-тартыс бітпейді. Оған қарап отыра берсеңдер, қолбайлау болатын шаруа көбейіп, көшу қиындап кетеді. Бұл істе «көш жүре түзеледі» деген сөзді қағидаға айналдырып, көзді жұмып, бірден көшіп алғандарың дұрыс. Сәтсіз әріптер қабылданған жағдайда келіспеушіліктер болуы мүмкін, ол заңды да. Әріп мәселесінде «Айттым – бітті, кестім үзілді» деп қасарысып қатып қалуға болмайды, кейбір әріптерге байланысты түсінбеушілік туындап, сәтсіздігі, қолайсыздығы дәлелденіп, көзге көрінеу көрініп тұрса, оның бәрін де кейін арнайы қаулылар арқылы түзеп алуға болады. Келісіп пішкен тоннан тоңбайсың, деген кеңесін де берді.

Бүгінде әзербайжан елі классикалық әдебиетін түгелге жуық латыншаға көшіріп алған. Қалған әдебиеттері де шетінен аударылып жатыр. Өзіме академиктің «ең алдымен бірінші сыныпты жаңа әліппеге көшіру керек, одан жоғары сыныптағыларды әзірге қинаудың қажеті жоқ» деген пікірі ұнап, көкейіме қонды.

Ел болып, мемлекет болып іске асыратын үлкен шаруа болғандықтан, белгілі бір жүйеге келтіріп, кезең-кезеңге бөліп, жұмысты жоспарлы түрде бастағанымыз жөн екен деп түйдім.  Латын қарпіне көшіру үшін құрылған жұмыс комиссиясының кешегі күні Елбасымызға таныстырған жобасы алдыңғы жобаға қарағанда, көптеген кемшіліктерінен арылғаны анық байқалды. Маңызды мәселе болғандықтан, дәл қазір көзіқарақтының бәрі бұл жобаның әрқайсысын қалт жібермей қадағалап отыр. Сол себепті, қазақы дауысты дыбыстарымызды таңбалауда қабілеті төмен диграфтардан құтылғанымызға қуанбаған адам кемде-кем. Бұрынғы жобамен салыстырғанда кейінгі ұсынылған жоба қалай болғанда да көш ілгері.  Өз басым әлеуметтік желіден бірқатар орынды пікірлер оқып, қуана ойланып қалдым.

Халықтың келешегіне тікелей қатысы бар тағдырлы мәселеге жастарды да араластыру керек-ау деген пікір маған да ой салды. Тіл біліміне, тіл ғылымына еңбегі сіңген жасы үлкен, алдыңғы толқын тілші ағаларымыз жобалап беріп жатқанымен, әліппені негізінен пайдаланатын кейінгі буын жастар. Солардың оқуына, жазуына жеңіл болуын қадағалау дұрыс болар еді. Шетелден «Болашақпен» оқып келген жастарды, өз елімізде оқыған білікті жас мамандарды да әліппені жетілдіру ісіне араластырған жөн.

Ұлықбек Есдәулет, 

ақын, Қазақстанның  еңбек

сіңірген қайраткері

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button