«Киелі Қазақстан» экспедициясы қасиетті орындарды аралауды Қызылжардан бастады
«Киелі Қазақстан» бірінші республикалық экспедициясы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Кең байтақ қазақ жерін тегіс аралап, қасиетті орындарды арнайы картаға енгізіп жүрген топтың бұл алғашқы сапары. Кейін өзге өңірлерге аттанады, дейді Baq.kz тілшісі.
Қазіргі таңда «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» картасына еліміз бойынша 160 нысан енген екен. Олардың қатарына Солтүстік Қазақстан облысынан 4 тарихи орын еніп отыр. Олар: Абылай ханның ақ үйі, Ботай қонысы, Қожаберген жыраудың мазары және Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі. Бұлардың ішінде өркениеттің дамуына негізгі себеп болған жылқының алғаш қолға үйретілген жері қазақ даласы екенін Ботай қонысынан табылған көне хаттар дәлелдегенін ерекше атап өткен жөн. Әлем ғалымдары мойындаған бұл жаңалықты 1980 жылы археолог Виктор Зайберт ашқан болатын.
https://baq.kz/storage/0b/0bfd6fbb5dda516ac4e4244170023039.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />
«Археология – бір адамның істейтін ісі емес. 1980 жылдан бері Ботайда қазба жұмыстарын жүргіздік. Жаз айларында оқушылар, студенттер, оқытушылар келіп көмектеседі. Бұл әлемдік өркениетке қазақ даласын мекен еткен халықтардың да сіңірген үлесін аңғартады. Әлем жұртшылығы қызыға қарап отыр. Тарихи тамырымызды танымай алға қарай дами алмаймыз», – дейді ғалым Виктор Зайберт.
«Қасиетті Қазақстан» экспедициясы Петропавл қаласы, Айыртау, Есіл мен Тайынша аудандарындағы тарихи және мәдени мекендерді араламақ. Солтүстік Қазақстан облысында 19 орын киелі орын саналады. Соларды аралап, тарихи құндылығы жоғарыларын республикалық картаға енгізу жоспарланған.
https://baq.kz/storage/f9/f91d4892804123d869b02dbf18a311f2.JPG” style=”height: 599px; width: 900px;” />
«Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау. Жыл соңына қарай ғылыми-танымдық энциклопедия шығарамыз. Сол басылымға еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті орындар жайлы мәліметтер топтастырылады, – дейді «E-history» порталының шығарушы редакторы Арман Сүлейменов.
https://baq.kz/storage/b3/b3918913cfa3f0e82ec3a440777fb1ea.JPG” style=”height: 599px; width: 900px;” />
«Қасиетті Қазақстан» экспедициясын тарих ғылымдарының доктары Айман Досымбаева бастап жүр. Қыс түскенге дейін экспедиция еліміздің солтүстік өңірлерін тегіс аралап шықпақ, кейін басқа аймақтардағы тарихи нысандарға сапарлайды.
https://baq.kz/kk/author/178“>Эльмира КӘЛЕНОВА