Жаңалық

Көне музейде қандай экспозициялар бар

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану  музейінің  негізі 1920 жылы қаланып, қазіргі таңда 100 жылдық тарихымен Республикамыздағы көне музейлердің бірі ретінде белгілі болып отыр.

Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты терең мазмұнды, тағылымы мол мақаласын жариялап, қалың жұртшылыққа терең ой салды. Тарихымыздың жеті қырын атай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев өткенімізді тарих тұғырынан бағамдап, терең зерделеуге үндеп отыр. Маңызды бағдарлама жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды етпек.

Өлкеміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 110 000-нан астам  жәдігері бар. Рухани ордамыз жылына 114 593-нан астам  алыс-жақыннан келетін қонақтарды қабылдап,  4000-нан астам  шет елдік туристерге қызмет етіп келеді. Музейдегі әрбір атқарылып жатқан зерттеу, жинақтау, сақтау, насихаттау жұмыстарының  болашақ ұрпақ тәрбиелеуде  маңызы зор.

«Музейдегі әрбір тарихи, археологиялық және этногрияфиялық жәдігер Елбасы атап өткен Ұлы даланың жеті қырын ашып тұрғандай. Біздің музейімізде атты баптауға арналған көне құралдар мен ат әбзелдерінің өз заманындағы озық үлгілері мен қазіргі заманауи қолөнер шеберлерінің жасаған үлгілері сақталған. Экспозиция  залдарымен  арнайы көрмелерде жасақталып, көпшілік алдында наихатталуда», – дейді Түркістан облыстық тарихи-өлкетану  музейінің ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Жанар Үркінбаева. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button