Жаңалық Сұхбат

Мур заңы қандай заң?

Тимур Палташев – микроэлектроникамен жаһандық деңгейде айналысатын қазақстандық жалғыз инженер.

Ол Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (Калифорния) және Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің профессоры. Сұхбат барысында ғалым қазіргі білім беру жүйесі мен техникалық кадрларды дайындау, IT-трендтер туралы баяндады.

Тимур мырза, осы уақытқа дейін бірнеше білім ордаларында дәріс оқып, білім бердіңіз. Сіздің ойыңызша, бүгінгі күні инженерге арналған идеалды білім беру жүйесі қандай?

– Әлемде инженерлік білім жобалық негізге көшуде. Студент бағдарламалауды, физиканың жоғарғы бөліктерін де бөлек оқымайды деген тенденция дамып келеді. Оның орнына ол жобаны мойнына алып, жұмыс барысында соны түсінеді. Бұл ретте, әрине, ол негізгі дәрістерді тыңдайды, бірақ негізгі білім мен дағды практикадан қалыптасады. Нәтижесінде қызметке дайын инженерлер пайда болады. Корпорациялардың жаңадан келген кадрларды дайындайтын уақыты жоқ. Тұлға бірден жұмысқа кірісуі керек. Кеңестік жүйеден қалған курстық жұмыс, дипломдық жұмыстар көп жағдайда сала алдында тұрған міндеттерге сәйкес келмейді. Сол үшін кадрлық мәселелер орын алады. Шет елде өндіріс орындары университеттермен ынтымақтастық жүргізеді. Мысалы, корпорацияда біз ашық бастапқы бағдарламалық құралмен жұмыс істейміз.

Егер студенттер тек жоба арқылы білім жинақтайтын болса, инженерлік мәселелерге ат үсті қарап, тек бір салаға төселіп қалмай ма? Ал ол басқа салалардан осал болып қалуына қаншалықты әсер етеді?

– Менің жеке тәжірибем бойынша, инициатива мен қызығушылықтың жоғары болуы әр адамның өзіне байланысты. Егер қазіргі әлемде адамға білім көкжиегін кеңейту қажет болса, онда ол қажет ақпаратты интернеттен таба алады. Бірақ ресейлік университеттің білім беру моделі тиімдірек. Онда үшінші курсқа дейін математика, физика, химия пәндерінен барлық негізгі білімдер беріледі. Одан соң жобалық негізге көшеді. Сондықтан түлектер кез келген жобадағы ғылыми компонентті көріп, бүкіл суретті түсіне алады. Америкалық білім беру жүйесіндегі элективті пән түсінігі расымен кей саладан әлсіздік көрсетіп тұр. Бұл тек университетте емес, мектептен бері келе жатқан дүние болғандықтан, ондағы маман тек белгілі сала бойынша ғана оқ бойы озық тұрады.

Технология әлемінде жыл сайын жаңа басымдық пайда болады. IT саласында қазір үлкен деректер туралы айтады, содан кейін – блокчейн, жасанды интеллект, AR / VR сынды трендтер пайда болды. Мұнда нақты технологиялық фон бар ма? Оған ілесу үшін не істеуге болады?

– Инвесторлар үшін ажиотаж орын алып жатыр. Жаңашылдықтың төңірегінде өмір сүріп, онымен қоректенетін адамдар тобы бар. Тренд орын алуы үшін бірінші стартап болуы керек, содан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы толқынды жүргізіп, өздерінің үлестері бар компаниялардың құнын арттырады. Бұл компаниялар ірі ойыншыларға сіңіп кеткенде немесе қорлар қандай да бір жолмен оларды тастап кеткенде, тақырыпқа қызығушылық төмендеп, тренд өзгереді.

Микроэлектроникадағы дәлелденген технологиялармен не болды? Мур заңы өзінің өзектілігін толығымен жоғалтты ма?

– Мур заңы бойынша интегралды схеманың кристалындағы транзисторлар саны әрбір 24 ай сайын екі еселенеді.

Біздің корпорацияда қазірдің өзінде 5-7 нанометрлік TSMC технологиясы бойынша жасалған жұмыс чиптері бар. Бірақ бұл молекулалық деңгей ғана. Енді біз ультракүлгін маскалар арқылы экспозицияға көштік, өйткені стандартты әдістерді пайдаланған кезде, толқын ұзындығы қолайсыз. Үлкен чиптерге арналған өндірістік маскалар жиынтығы қымбатқа түсуде, бұл ондаған миллион долларды құрайды.

Сұхбатыңызға рақмет!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button