«МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы өз мәресіне жетті
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық музейлер күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» ұйымдастырған «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы өз мәресіне жетті.
Акция аясында «Үздік экскурсовод», «Үздік ғылыми қызметкер», «Үздік ауылдық музей» номинациялары бойынша байқау жарияланып, нәтижесінде 1, 2 және 3 орын иегерлері, сондай-ақ «Жеңіске деген ЫНТАСЫ үшін» жүлдесінің иегерлері анықталды.
«Үздік экскурсовод» номинациясы бойынша І орын – Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсоводы – Мекемова Айдана;
«Үздік ғылыми қызметкер» номинациясы бойынша бас жүлде Қарағанды областық өнер музейінің ғылыми қызметкері – Омарова Айгүл;
«Үздік ауылдық музей» номинация бойынша – Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Серікбол Қондыбай атындағы «Мемориалдық музейі» МКҚК Жеңімпаз деп танылды.
Акцияның негізгі міндеттері мәдени-тарихи мұраны зерттеу және сақтау, аймақтық тарихи-өлкетану және мемориалдық музейлердің практикалық қызметіне қызығушылықты ояту және музейаралық ынтымақтастықты кеңейту.