Жаңалық

ОҚО-да демеушілер тарапынан 577 өңірлік жоба жүзеге асырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысында «Туған жер» арнайы жобасы аясында 577 өңірлік жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Бүгінде облысымызда «Туған жер» арнайы жобасы бойынша демеушілер тарапынан жалпы 31 млрд. 467 млн. теңгені құрайтын 577 өңірлік жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, қоғамдық келісімді нығайту, гуманисттік дәйекті қызмет ету, қоғамның рухани дамуына үлес қосқан 11 азаматқа Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты, құрмет грамотасы және «Бірлік» алтын медалі табысталды.

Сондай-ақ, елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасында қайырымдылық пен меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Елбасының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Латипша Асанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен Әбілқасым Досболов, Бекмат Тұрдықұлов, Пак Юрий, Лидия Мехлик, Хасан Хамедовтер сынды азаматтар марапатталды.

Бұдан басқа, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарында белсенділік танытқан 4 азамат еленіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және алғыс хатпен марапатталды.

Шарада Астанада өтіп жатқан түрлі халықаралық іс-шаралар жəне Халықаралық спорттық ойындар, «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі туралы бейнероликтер көрсетілді. Елімізге танымал өңіріміздің өнерпаздары Б.Тілеуханның «Жерім менің», С. Бəйтерековтің «Сарыарқа» жəне өзге де авторлардың «Астана», «Сәлем Астана», «Азияда алауы-Астана», «ЭКСПО-2017» сынды бірқатар əндерін орындады. Шәмші Қалдаяқовтың «Отан» əнімен қорытындыланған концерттік кеште «Қазына», «Тұмар», «Шамсинұр» би ұжымдарымен қатар гимнастшылар да атсалысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button