Жаңалық

Оқушылар айтысының жеңімпаздары марапатталды

Павлодар облысында өткен жыр бәйгесіне 10 жас ақын қатысты, деп хабарлайды өңірлік ақпараттық сайттар. 

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Шаңырақ» орталығы «Бабалар аманаты» облыстық оқушылар айтысын ұйымдастырды.

 

Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлде Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының оқушысы Шыңғыс Асығатұлына бұйырды.

341ab4eb0c0ff465da840e12b657e3ab.jpg

 

Қазылар алқасының шешімімен І орынға екібастұздық Бексұлтан Қайдаров, ІІ орынға баянауылдық Мирас Қапаш, ІІІ орынға Аққулы ауданының жас дарыны Мағзұм Имантай лайық деп танылды.

 

Нұрайлым Аякаева – «Аманат», Дінхан Кәкімсейіт – «Ұшқыр ақын», Ақжол Қабиден – «Ғаламтор ақыны» аталымдарымен марапатталды.

 

Әділет Айтжанов, Муслим Макаров Арман Ордабаев сынды жас айтыскерлер алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button