«Өзгерістердің саруарлары» жобасының қорытынды конференциясы өтті
«Өзгерістердің саруарлары» жобасының қорытынды конференциясы өтті
Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық институты КЕАҚ азаматтық форум аясында «Өзгерістердің саруарлары» жобасының қорытынды конференциясын өткізді.
Конференция әлеуметтік жоба акселераторы жұмысын қорытындылап, акселератордың экожүйесін кеңейту мақсатында өтті.
Жобаның қорытынды конференциясына «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ Басқармасының Төрағасы Данияр Есин, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ орталығының жетекшісі Жанар Буканова, Зарина Биюмбаева, Юлия Натарова, Махаббат Еспенова, Сергей Гуляев, Мақпал Жұмабай, Евгений Сухотин, Сергей Советкин, Алтынай Тәңірбергенова және т.б. сарапшылар, «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңселері, азаматтық бастама орталықтары, жастар ресурстық орталықтары, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қастысты.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық институты КЕАҚ – ХХІ ғасырдағы қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін айқындауға арналған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың осы аттас мақаласына негізделген, қоғамдық сананы жаңғыртудың жүйелік реформасын жүзеге асыруды үйлестірушілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда акселераторды аймақтарда өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша, біз әлеуметтік жобалар мен озық тәжірибелер базасын құрдық. Ол республикалық іс-шаралар жоспары аясында бүкіл ел аумағында насихатталады», – деді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ Басқармасының Төрағасы Данияр Есин.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ орталығының жетекшісі Жанар Буканова акселератор жобасы бірнеше бағыттар бойынша жүргізілгенін және жобаның аяқталмайтынын айтты.
«Акселератор 6 бағыт бойынша жүргізілді. Соның ішінде маған жақыны – мәдениет саласы. Бізде тарих пен мәдениет тек біржақты қаралады. Ал акселератор бұл салаларға тың мүмкіндік береді. Акселератордан өткен 20 жоба мемлекеттің алдында болашақ қандай болатынын дәлелдеді. Жобаларға әрі қарай дамуға мүмкіндік беру керек», – деді акселератор сарапшысы Мақпал Жұмабай.