Қарағанды облысы

ҚАРА ТӨБЕ (МАМОЧКИНО) ҚОРЫМЫ

Зират Карлагтың құрылымдық бөлімшесі – Орталық далатану бөлімінің аумағында болған. Оған жақын маңда перзентхана орналасқан. Карлаг жұмыс істеген 28 жылда лагерь аумаңында қанша бала дүниеге келгені әлі белгісіз. Олардың қаншасы өлгені де белгісіз. Орталық далатану бөлімі «аналар» үйі деп те аталған, өйткені оның аумағында әне-міне босанайын деп отырған және жаңа босанған тұтқын әйелдер тұрды. Балалар үш-төрт жасқа толғанша анасының қасында болған, одан кейін ана бауырынан суырып алып, Карлагтың аумағындағы Компаней, Литвинов, Осакаров және Бесоба балалар үйіне жіберіп отырған. Мамочкино моласында ауырып өлген балалар жерленген. Ауыр жұмыстан көтерем болған аналардан сүт те шықпаған. Мерзімі жетіп отырған әйелдер босанарынан екі апта бұрын ғана жұмыстан босатылатын. Босанған соң бірден қара жұмысқа шығып кетіп, күніне екі-үш рет қана баласын емізуге келіп-кететін. Балалар арасында өлім-жітім көп еді. Кей деректерге сүйенсек, қыстың аязында тоң жерді қазу мүмкін болмаған соң, сәбилерді ешкім жерлемейтін. Жаңа туған нәрестелердің өлі денесін үлкен бөшкеге салып жинап, ол толғанда сол күйі ортақ шұңқырға көміп отырған. Қорым Абай ауданы Долинка кентінде орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button