Жаңалық

Қарағанды облысында 2018 жылы 4,7 млрд теңгеге 238 жоба жүзеге асырылады

2018-ші жылы Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 4,7 млрд теңгеге 238 жоба мен акцияларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсенің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева АКҚ-да өткен брифингте хабарлады.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалпы республикалық реестріне енген жобалардың саны бойынша Қарағанды облысы ең үлкен пул ұсынып отыр. 2017-2022 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған жалпы сомасы 12,3 млрд теңгені құрайтын 430 жоба, қосымша жоба және шаралар құрылған. Қаржыландыру түрлі көздерден жұмылдырылады деп жоспарлануда: бюджет, демеушілер, ЖОО және т.б», – деді Қарағанды облысы бойынша жобалық кеңсенің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева.

Спикердің пайымынша, формализмнен алшақ болу үшін санға емес, сапаға көңіл аударуымыз қажет.

«Жобаларды іріктеу үшін 2017-ші жылы аймағымызда Азаматтық бастамалар күндері өткізілді. Осындай төрт күн өткіздік, олардың екеуін біз жылжымалы түрде ұйымдастырдық. Шараның мақсаты – біздің жерлестерімізді қандай мәселелер толғандыратыны, өз ауылдарында, облыста, жалпы елімізде нені өзгерту маңызды екенін түсіну болды», – деп атап өтті Гүлнәр Құрбанбаева.

Сонымен, ортаға салынған 40-тан астам бастама жобалық кеңсенің өңдеуі мен талқылауына түсті, нәтижесінде олардың басым бөлігі реестрге енгізілді. Атап өтсек, облыста құрамына ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер енген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптама кеңесі құрылды.

«2017-ші жылы 169 жоба және құны 2,3 млрд теңгені құраған акциялар іске асырылды. Бұл сомадан 1,8 млрд теңгені бизнес салымдары құрады. Жобалық кеңсенің бағамдауы бойынша олардың арасында анағұрлым маңызды болғандары: ғұлама қоғам қайраткерінің 350 жылдығына арналған «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым» атты халықаралық автокеруен; «Шеберлер қалашығы – Город мастеров» шеберлер арт-фестивалі. Сонымен қатар Қарқаралыда жас туристер станциясы ашылды. Оқу жылының басында Теміртау қаласының 10 мыңнан астам оқушылары өз-өздеріне болашаққа хат жазды – бұл акцияға ешқандай шығындар қажет болмады», – деп есеп берді жобалық кеңсенің жетекшісі.

Айта кетейік, 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалар бағдарламаның төрт бағыты бойынша таратылған: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны». Бұдан басқа, алдағы жоспарда Қарағандыда балалар туризмін дамыту орталығын ашу; Балқаш қаласында мүгедектерге көліктік көмек қызметін құру; облыстың танымал спортшыларының қатысуымен «Туған жер» спорттық керуенін ұйымдастыру; археологиялық картаны басып шығару; «Қарағандының театралды музыкалық түндері» халықаралық фестивалін өткізу және т.б. бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button