Жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – шешімін табуы тиіс стратегиялық міндет
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ruh.kz порталы.
«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет», – деп жазды Президент.
Еске салайық, 2012 жылдан бері 12 сәуірде Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Аталмыш мереке ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын.