Фото Жаңалық Арнайы жобалар

«Қазақ елі - менің Отаным» атты кеш өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік алған күн мен Республика күнінің ара-жігін ажыратып, 25-қазанды «Республика күні», ұлттық мереке ретінде бекітті. Осынау елдікке бастаған мерекеге орай Астана қаласы «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК Сәкен Сейфуллин музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ елі - менің Отаным» атты кездесу кеші өтті.

«Республика күні – ұлттық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі бар дербес елге айналды» – деп ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқтала келі кешті музейдің Тарихи-мәдени мұра және экскурсиялық-көрме жұмысы бөлімінің басшысы Қарлығаш Жұмаханова жүргізді.
Шараға С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары, музей ұжымы қатысты.
Алғашқы сөзді профессор, тарих ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин музейінің басшысы Абсеметов Марат Оралбайұлы сөйледі. Жастарды Сәкен мұрасын тануға, ел үшін адал еңбек етуге шақырып, келген қонақтарға алғыс білдірді.
Кеш қонағы ақын Арман Манарбекұлы өз өлеңдерін оқып, шығармашылығы жайлы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында қонақтар «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты көрмені тамашалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button