Жаңалық
Қазақ журналистикасы құнды еңбекпен толықты
Елордада белгілі ғалым-ұстаз, ақпарат саласының ақтаңгері Намазалы Омашев кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға ғалымнан тәлім алған танымал журналистер, замандастары мен жастар жиналды.
3 томнан тұратын жинақ – қаламгердің жарты ғасырға жуық табанды ізденісінің жемісі. Онда автордың қалың оқырманға жақсы таныс публицистикалық шығармалары, ғылыми зерттеулері мен мақалалары енген.
Намазалы Омашев – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика факультетін құрып, маман даярлауға зор үлес қосқан тұлға. Оқу ордасындағы сан жылғы еңбегі еленіп, «Құрметті профессор» атағы берілді.