Қазақстанда сакралды орындарды мобильді қосымша арқылы геймификациялау жоспарлануда
Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Е-туризм порталы іске қосылады, мобильдік қосымшалар арқылы «Сакралды орындарды геймификациялау» жобасын іске асыру басталады. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Кузембаев хабарлады, деп жазады https://primeminister.kz/kz/news/all/15968“>primeminister.kz.
«Бізде Қазақстанның ұлттық туристік брендін әзірлеу қажеттігі жөнінде дамыту стратегиясы туралы түсінік бар. Біз бұл брендті қолдайтын мықты суббрендтер қажет екенін түсінуіміз керек. Саланы цифрландыру қажет екенін түсінуіміз керек. Бұл жоғарыдан келген міндет емес. Бұл қажеттілік», – деді Рашид Күзембаев.
Оның мәліметі бойынша, қазір аймақтарға байланысты бұл 50%-дан 60%-ға дейінгі көрсеткішке ие. Ақпарат берудің дәстүрлі тәсілдері — БАҚ, теледидар, газеттер, журналдар – тек 15% құрайды.
Осыған байланысты «Kazakh Tourism» компаниясы бірқатар цифрландыру жобаларын жүзеге асырады. Олардың бірі — E-туризм порталы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ішкі туризмді ынталандыру мақсатында мобильді қосымша арқылы «Сакралды орындардың геймификациясы» жобасын іске асырғымыз келеді. Мақсатты аудитория — жастар. Сакралды орындардың көбісі қалалардан қашықта, инфрақұрылым дамымаған жерлерде орналасқан. Олар туристер үшін қызықты және ыңғайлы болу үшін біраз уақыт керек», – деді Рашид Күзембаев.
Ол атап өткендей, геймификация арқылы біз қазірдің өзінде жастарды осы сакралды орындарды аралай бастауға ынталандырамыз. Сакралды орындарға қызығушылық проблемаларын шешкеннен кейін бұл жобаны басқа да тарихи немесе мәдени нысандарға да бағыттауға болады. Мысалға, музейлер, кітапханалар, театрлар және т. б.