Жаңалық

Қостанай өңірінде аудандық «Рухани жаңғыру» ақпараттық орталығы ашылды

Орталықтың мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» А. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын іске асыру, яғни – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру, әдеби шығармашылықты дамыту, жас ақындар мен жазушыларды тарихқа және Қазақстан халқының мәдениетіне жақындату.

Қостанай облысы Таран ауданының орталық аудандық кітапханасында ақпараттық орталық ашылды. Ақпараттық орталықтың қорында Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының мағынасын ашатын өлкетану материалдары, сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық БАҚ басылымдар және жарияланымдар бар.

Жалпы, кітапханада әдебиетті насихаттау жолымен адамның интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыру, туған өлкеге деген патриотизмге, мақтаныш және адалдыққа тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасалған.

«Ақпараттық орталық жастардың өнерге, әдебиетке, туған өлкенің тарихына қызығушылығын арттырады және ауданда өлкентанудың әрі қарай дамуы үшін негіз болады. Кітапханада ұйымдастырылған орталық «Руханижаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру барысын көрсетуге бірегей база болады, барлық тарандықтар кітапхананың пайдаланушылары үшін ғана емес өңірдің қонақтары үшін де қолжетімді болады», – деді аудан әкімі Қуандық Испергенов ашылу салтанатында.

Өлкетану мұрағаты «Өткенді сақтай отырып, келешекті құрамыз» жобасы шеңберінде бірнеше жылдар бойы аудандық кітапхана қызметкерлерімен шығыс күнтізбесі бойынша қалыптасты, Таран ауданының тарихындағы айтулы оқиғалар туралы, персоналия мен ұйымдар, мерейтойлық күндер, сонымен қатар әр түрлі жылдарда аудандық газет беттерінде жарияланған тақырыптық мақалалардың толықмәтінді базасы туралы материалдар бар. Осы кезде ақпарат жартылай сандық форматта, кітапханаға барлық келушілерге ашық қол жеткізуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button