Жаңалық

Қостанайлық студенттер «100 жаңа оқулық» бағыты бойынша аударылған кітаптарды қолдануда

Қостанай мемлекеттік университетінің студеттері «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты бағыт аясында аударылған 18 оқулықты алды. Бұл кітаптар жоғарғы оқу орынның 4 кафедрасына берілді. Олар: экономика, педагогика және психология, журналистика және философия.

«Бұл оқулықтың басты ерекшелігі – ол қолжетімді тілде жазылған. Классикалық оқулықтар өте күшті академиялық білім деңгейінде жазылған. Соған қарамастан, оның тілі оқырмаға өте жеңіл. Қарапайым болу мазмұнның мәні мен маңызына ешқандай әсерін тигізбейді. Бұрын біздің студенттер мен оқытушыларға мемлекеттік тілдегі жақсы дереккөздерді табу қажет болған кезде әрдайым қиындықтарға тап болатын, енді бұл мәселе шешілд.», – дейді журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Алматай Жүсіпова.

«Медиаэтика» кітабының авторлары Ли Энн Пек пен Гай С. Рил бұл оқулықтарды кәсіби этика және медиа менеджмент сияқты пәндерді оқытуда қолданады.

Болашақ экономистер үшін Н. Мэнкьюнің «Экономикс» оқулығы және М. Тейлор, Р. Гриффиннің «Менеджмент бойынша оқулық» атты кітаптары мемлекеттік тілде қолжетімді болды.

Ресей мен Қазақстан экономика ғылымдарының докторы Сансызбай Жиентаевтың айтуынша, кітап студенттерге өте пайдалы болады, себебі, онда дамыған елдерде де, нарықтық қатынастар дамитын елдерде де болып жатқан объективті процестер көрсетілге.

Автор тарихи ұқсастықтарды сауатты өткізді және ойлы оқырман нарықтық қатынастардың дамуы барлық жерде бірдей бола алмайтынын түсінеді. Әр елде әр мемлекетте нарықтың өз даму жолы мен тарихы бар екенін жазған. Өйткені, олар жүз жыл бойы дамыды, ал бір жерде олардың тарихы екі ондаған жылдан асады. Соған қарамастан, бұл оқулықтың тек бір ғана пікір екенін түсіну керек. оны қатып қалған қағида ретіндн қабылдау міндетті емес.

«Аударылған еңбектердегі кейбір ойлармен дауласуға болады. Атап айтқанда, бізге шикізат базасының рөлі бөлінетіні туралы және Қазақстанның индустриялық әлеуеті туралы ештеңе айтылмаған. Сондықтан, біз аударма мен басқа да оқулықтарды күтеміз. Ең бастысы, оқулықтарды еліміздегі жағдайға ие ғалымдар жазғанын қалар едім. Бұл жоба жақсы ынталандыру бола алады. Өйткені олар-ойды қалай құрылымдауға және оны өз идеясын сақтап, болжамын ойлауға, студенттерді алдын ала жобалауға көмектеседі. Маңыздысы еліміз осындай маңызды оқулықтарға қол жеткізіп пайдаланып отырғаны», – дейді Сансызбай Жиентаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button