Жаңалық

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі қашан өтеді?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 9-11 (12) сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу күнін және қашан,  қай форматта өтетінін нақты жариялады.

Оқушылардың көп жиналуын болдырмауға қатысты шектеулі шараларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы білім беру басқармаларымен бірлесе отырып, 2020 жылдың 8-11 шілдесінде облыс орталықтарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында командаларды бір қалада шоғырландырмай олимпиада өткізеді.

Аймақтардағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Олимпиада өтетін орындарға «Дарын» РҒПО жауапты қызметкерлері жіберіледі, сондай-ақ олимпиаданың барлық кезеңдерінде тікелей бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.

Олимпиада облыстық мектептердің базасында, екі турда өтеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша: I тур-8 шілде, II тур-9 шілде.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І тур-10 шілде, ІІ тур-11 шілде.

Олимпиаданың әрбір қатысушысына санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, әрбір жалпы білім беретін пән бойынша олимпиаданың тиісті кезеңін өткізу талаптарына сәйкес жабдықталған жеке жұмыс орны ұсынылады.

Апелляция бейнеконференция режимінде өтеді. Екі турдың аппеляциясы жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 10 шілдеде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бойынша 12 шілдеде сағат 10-нан бастап өтеді.

Барлық турлардың нәтижелері, апелляциялар «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады. Жабылу рәсімі және қатысушыларды марапаттау жүргізілмейді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің дипломдары, медальдары өңірлік «Дарын» орталықтарының мекенжайларына жіберіледі.

Олимпиада өткізу барысында барлық сақтық шаралары қамтамасыз етіледі және санитарлық нормалар сақталады.

Толық ақпарат www.daryn.kz сайтында орналастырылады, қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-50-76 телефоны бойынша хабарласуға болады.

«Дарын» РҒПО Медиа-сүйемелдеу бөлімі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button