«Руханияттың әлемі Абай» атты онлайн дәріс өтті
25 мамыр сағ. 19.00-де Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Руханияттың әлемі Абай» атты онлайн дәріс өткізді.
Онлайн дәрістің мақсаты – Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятында алар орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен оның құндылығы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беру.
Онлайн кездесуді әнші, жыршы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеухан жүргізді.
Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбай Бекболат Тілеуханның ұлт руханиятына қосқан үлесі жөнінде былай дейді:
– Ұлттың руханият дүниесіне әркім өз жаңалығын ала келеді. Күні бүгінге дейін кешегі сал-серілер салып кеткен сара соқпақты әркім әрқалай жаңғыртса, Бекболат сол бір жылмиған жүйріктер мен жайсаңдарды тек әншілік тұрғыдан ашып қоймай, тым тереңдеп кетті. Әрқайсысынан тұлға жасауға талаптанды, жасады да.
Бекболат Тілеухан қазақ халық әндерін ерекше мақаммен орындайды. Атап айтатын болсақ, «Япырау», «Қайран Еділ», «Сарыарқа», «Жорға тай», «Елім менің», «Елім дегендер», «Дәурен-ай», «Доспамбет жыраудың толғауы» және т.б.
Дәрістің онлайн-көрсетілімі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook парақшасында көрсетіледі.