Жаңалық

«Шеберлер қаласы: бабалар мұрасын сақтау және көбейту»

Іс-шара балалар қолөнерін дамытуға, көркем және эстетикалық талғамға,жас шеберлерді Қазақстан халқының мәдениеті, дәстүрімен таныстыруға бағытталған.

10 қазанда Көкшетау қаласында «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған «Шеберлер қаласы: бабалар мұрасын сақтау және көбейту» өлкетану-сәндік қолданбалы өнер көрмесі өтті.

Іс-шара балалар қолөнерін дамытуға, көркем және эстетикалық талғамға,жас шеберлерді Қазақстан халқының мәдениеті, дәстүрімен таныстыруға бағытталған.

Көрме Облыстық жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушыларының, олардың жетекшілерінің, Суретшілер одағының өкілдерінің, сәндік-қолданбалы өнердің әуесқойлары мен шеберлерінің қатысуымен Шығармашылық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының базасында өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында әр түрлі бағытта шеберлік сыныптары өткізілді.

«Көрме қатысушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін бәсекеге қабілетті түрде дамытуға мүмкіндік берді. Бұл қарым-қатынас пен тәжірибе алмасудың өзіндік алаңына айналды», – деді көрме ұйымдастырушысы және Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Біржан Каиров.

Қорытындылай келе, 2-3 қараша күндері Шымкент қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу үшін Ақмола облысынан делегация құрылады.

Ақмола облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button