Қарағанды облысы

ШӨЖЕ АҚЫН ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Қазақтың атақты ақыны Шөже Қаржаубайұлы қазіргі Ақмола облысының Қызылтау ауданында кедей отбасында туып, 1895 жылы Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы маңында қайтыс болған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің 72 ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. Шөже ақын Қарқаралы қаласы маңында жерленген. Жастайынан қос жанарынан (екі көзінен) айрылған Шөже – қобыз тартып, өлең айтып ақындық өнерімен күнелткен ақындардың бірі. Сондықтан да оның бір топ өлеңдері жекелеген бай-шонжарларды мақтап, мадақтауға арналған. Дегенмен, ол біржақты мақтаудан аулақ, парақорлық пен озбырлықты, әлдінің әлсізге тізе батыруына төзе алмай, көптің алдында кімді болса да қатты сынға алып сынап отырған. Кезінде замандас болған Қарқаралы дуанының аға сұлтаны Құсбек Тәукеұлымен сөзге келіп,келіспей қалып былай деген екен. Мен өлсемде саған қарап жатамын депті.Осы оқиғадан кейін екеуінің моласын бір жерге салған деп айтылады аңыздарда.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button