«Темір адамның» сүйегі табылды
Атырау облысында ежелгі батырдың сүйегі табылды. Бұл туралы «Мой ГОРОД» басылымы хабарлайды.
Сүйек Қызылқоға ауданы Миялы ауылында орналасқан үш қорғанда жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылды. Сарапшылардың ойынша, темір сауыт киген ер адамның бойы 175 сантиметр болған.
Сондай-ақ сүйектің қасынан ұзындығы 1 метр болатын қылыш, жебе мен сауыттың ұшы және басқа да көптеген артефакт табылды.
Зерттеуді халықаралық реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертхана жетекшісі Қырым Алтынбеков басқарады. Оның айтуынша, мұндай тарихи жәдігер өте сирек кездеседі.
«Табылған ежелгі жәдігерді «темір адам» деп айтуға болады. Себебі оның қаңқасы темірмен қапталған. Ол жауынгер болуы әбден мүмкін. Темір қаптаманың ұрланбағанына таңғалдық. Мұндай заттар мыңдаған жыл бойы ұрланбай қалуы өте сирек кездеседі. Қазақстан территориясында мұндай тарихи жәдігер табылған емес», – дейді Қырым Алтынбеков.