Жаңалық

Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаhандық білім беру кеңістігі

Ақтөбеде  тіл мамандарының және ғалымдардың қатысуымен «Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаhандық білім беру кеңістігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген алтыншы бағыт «Латын графикалық жүйеге көшудің» кезеңдеріне, қағидаларына  шолу, еліміздегі рухани жаңғыру тетігі – қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке түсіндіру және кеңінен танымал ету, жаhандық білім беру кеңістігіне енуде көптілділіктің маңызы туралы  пікірлесу.

Шараның алғашқы бөлімінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Нұрбол Сәдуақас «Жаңа әліпбидің құрылымы мен қызметі» туралы жан-жақты ғылыми-танымдық ақпаратты бере отырып, қазақ тілі жаңа әліпбиінің ел болашағы үшін жасалған игі қадам екендігіне тоқталды. Бүгінгі күні жастар мен қалың көпшіліктің қолдауына ие болып отырған жаңа әліпбиді одан әрі кеңірек таныстыру, танымал ету – басты парызымыз екендігін тіл маманы ретінде ерекше  атап өтті.

Сонымен қатар  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Тілектес Тоқсанбаева  «Латын әліпбиі әдеби шығармалар негізінде» атты баяндамасында еліміздегі рухани жаңғыру тетігі – латын графикасына негізделген жаңа әліпби біз үшін жаңа мүмкіндіктер бастауы, жаhандық білім мен мәдениетке ену мәселесіне тоқталды. Болашақ медицина саласы қызметшілерін дайындау мәселесі және мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиінің маңызы туралы өз сөзінде М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Үздіксіз кәсіби даму орталығының оқытушысы Нұргүл Рысмағамбетова кеңінен баяндады. Жаhандық білім беру кеңістіге енуде жаңа әліпбидің берері мол екендігін,  сондай-ақ үштұғырлы тіл саясатының ел болашағына тигізер оң пайдасы жөнінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының  аға оқытушысы Аэлита Сагиева баяндап өтті.

Шара барысында облыстың тіл мамандары, мемлекеттік қызметшілер, халыққа қызмет ету саласы қызметкерлері «Еркін микрофон» бөлімінде ұлттық санамыздың қайта жаңғыруы,  жазу реформасындағы басты жаңалық – қазақ тілінің жаңа әліпбиі мәселесі туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button