«Туған жерім» атты балалар байқауының жеңімпаздары анықталды
«Туған жерім» атты балалар шығармашылығының XV халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайындағы «Құланшы» заманауи өнер орталығында «Туған жерім» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауының қорытынды нәтижесі жарияланды. Онлайн өткен шараға қатысушылар ZOOM қосымшасы арқылы қосылды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы кітапханасы «Құланшы» заманауи өнер орталығының, Қазақстанның шығармашылық бастаулары мен мәдени мұрасын қолдау жөніндегі «Байта» қайырымдылық қорының, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, Педагог суретшілер халықаралық одағының (РФ) Қазақстандағы өкілдігі, Еуразия өнер академиясы, Балалар көркемсурет мектебі – Нұр-Сұлтан қаласы ЮНЕСКО клубының; «ForteBank» АҚ мен «Леонардо» хобби гипермаркетінің қолдауымен ұйымдастырды.
Жоба жер бетінің балаларын Қазақстанның мәдениеті мен өнерімен таныстыруды, олардың жеке қабілеті мен шығармашылық әлеуетін тереңдетуді көздейді. Кескіндеме мен мүсіннің, сәндік-қолданбалы өнердің түрлі техникасымен орындалған үміткерлердің туындылары бүгінгі көркем өнердегі балалар шығармашылығын жан-жақты ашып, байқау жұмыстарына жетекшілік еткен педагогтардың кәсіби шеберлігін көрсетеді.
«Өткен шақ, осы шақ, келер шақ», «Туған өлкем», «Ұлтымның дәстүрлері», «Ермегім», «Мен суретшімін» тақырыбында ұсынылған 400-ден астам жұмысты биылғы сайысқа Қазақстан, Ресей, Татарстан, Башқортстан, Өзбекстан, Украина, Әзербайжан, Беларусь елдерінің өкілдері жіберген.
Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева: «Бұл бастаманы Тұңғыш Президент музейі қолдаған алғашқы сәттерден бастап тек балалар шығармашылығы ғана өнердің ең бір таза және ең бір шынайы түрі болатыны туралы ой бізді алға жетеледі. Жас қатысушыларымыздың жұмыстары бізді осы шығармашылық жолда тоқтап қалмай, оны жыл сайын жалғастыра беруімізге шабыттандырады. Дәл сол себепті де Елбасы кітапханасы балалар шығармашылығын қолдаумен айналысудан жалықпайды. Біз байқау қатысушыларына шексіз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз», – деп атап өтті.
8-10 жас аралығындағы санатта:
ІІІ орынды София Никулина (Долгопрудный, Ресей), Валерия Алексеенко (Барнаул, Ресей), Сүрия Сапар (Нұр-Сұлтан, Қазақстан);
ІІ орынды Алексей Литвинцев (Борисов, Беларуссия), Алина Порхачева (Муром, Ресей); І орынды София Моргун (Донецк облысы, Украина);
Гран-приді Матвей Крылов (Лениногорск, Татарстан) қанжығасына байлады.
11-13 жас аралығындағы санатта:
ІІІ орынды София Печенских (Каменск-Уральск, Ресей), Данил Терехов (Салауат, Башқұртстан), Алина Ившина (Игра, Удмуртия), Дарья Новикова (Усолье-Сибирское, Ресей), Сүйінші Жәмилә (Нұр-Сұлтан, Қазақстан);
ІІ орынды Ульяна Логинова (Новосибирск, Ресей), Дина Мәулен (Петропавл, Қазақстан), Виктория Яковлева (Елабуга, Татарстан), Айгерім Ескендірова (Бадамша ауылы, Қазақстан);
І орынды Анастасия Шеляпа (Свердлов облысы, Ресей), Жансая Бердібай (Шымкент, Қазақстан), Сағдат Тоқтаева (Шахрисабз, Өзбекстан);
Бас жүлдені Ділнұр Ақпаева (Соль-Илецк, Ресей) мен Виктория Савельева (Магнитогорск, Ресей) иеленді.
14-16 жас аралығындағы санатта:
ІІІ орынды Ақбота Қасенова (Степногорск, Қазақстан) мен Әнел Прудникова (Павлодар, Қазақстан);
ІІ орынды Варвара Матвеева (Шуя, Ресей), Диана Петрачева (Екібастұз, Қазақстан), Валерия Штырева (Лисаковск, Қазақстан), Анна Чен (Нұр-Сұлтан, Қазақстан);
І орынды Александра Ефремова (Екатеринбург, Ресей), Екатерина Кривлева (Рудный, Қазақстан), Рай Нина (Волгодонск, Ресей);
Бас жүлдені Севинч Ботиров (Шахрисабз, Өзбекстан), Айым Сейілхан (Ақтөбе, Қазақстан) иеленді.
«Осымен тоқтап қалмаңыздар. Сіздерді бұдан әрі де алға жетелейтін кішкентай армандарыңызды, қуаныштарыңыз бен тәжірибелеріңізді осы бастан жинай беріңіздер. Сіздерге сенім артып, қолдау білдіретін ата-аналарыңызға және таланттарыңызды көріп, оны аша түсетін, сол үшін барын салатын педагогтарыңызға көп рақмет. Сіздердің бұлай талаптанып, алға ұмтылуыңыз қоғам үшін, біз үшін қажет. Сурет салыңыздар, таң қалдырыңыздар, шабыт сыйлаңыздар, сөйтіп әлемге шуақ шашыңыздар!», – деді «Байта» шығармашылық бастамалар мен мәдени мұра қайырымдылық қорының директоры Светлана Махат.
Үздік жұмыс ретінде мойындалған жеңімпаздардың туындыларын елорда тұрғындары мен қонақтары ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы кітапханасының музейінде тамашалай алады. Олар бір айдың көлемінде ұйымдастырушы мекемелердің ресми сайтында да қолжетімді болмақ.