Жаңалық

«Тұлпар мініп, ту алған» байқауы

Мақсат – өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын оятып, патриотизмге тәрбиелеу және елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу.

Биылғы жыр конкурсына барлық ауданнан 1000-нан астам оқушы қатысты. Олар 132 беттен тұратын  Қобыланды батыр жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтты. Мақсат – өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын оятып, патриотизмге тәрбиелеу және елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу. Осымен екінші жыл қатарынан өткен байқауда алматылық 6-10 сынып оқушылары жыр жаттаудан сынға түсті. Тек, жаттап қана қоймай ондағы көнерген сөздердің мағынасын ашып, мақамына салып оқыды. Байқауды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Qazaq Epos» қоғамдық қоры ұйымдастырған.

«Жобаның басты мақсаты – жастар арасында батырлық жырларын дәріптеу және ондағы негізгі біздің ауыз әдебиетінен келіп жеткен, елдік, әділдік, шыншылдық, батырлық сияқты халқымызға сіңген қасиеттерді дәріптеу», – деді Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Шегебек Қауымбаев.

Қалалық іріктеуге 100 жуық мектептен 1000-нан аса жастар қатысса, соңғы кезеңде 24 оқушы бағын сынады. Шешуші кезең 3 турдан тұрды. Алдымен қатысушылар жұптасып жырды жатқа айтса, екіншісінде әдебиеттен келетін сұрақтарға жауап берді. Ал, үшінші турда әділ-қазылар алқасы көнерген сөзді айтады. Қатысушылар жырда сол сөз кездесетін шумақты айту керек.

«Дайындық кезінде апайым көнерген сөздерді және де осы жырдағы кездесетін жер су аттарына көбірек тоқталып, оның мәнін түсініп, маған беймәлім сөздерді түсіндіріп үйретіп отырды», – деді қатысушы Мәншүк Арыстанбек.

«Қобыланды батыр» жыры – мен үшін сарқылмас қазына, таусылмас кен, айырылмас мұра. Осы «Қобыланды батыр» жырын жаттағаныма көп те болған жоқ. Қазір міне, бірінші сындық байқаудан өтіп екінші сынға жеттім. Мен өзіме сенімдімін және бас жүлде алатыныма кәміл сенемін», – деді қатысушы Санат Ғизатұлы.

Жеңімпаз оқушы миллионер атанса, екінші орын иегеріне – 600 мың, ал, үздік үшінші орынға – 300 мың теңге берілді. Сондай-ақ, үздік атанған оқушыларды жыр байқауына дайындаған ұстаздары да ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button