Қарағанды облысы

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласында 2011 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен ашылды. Орталықтың мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны арқылы Қазақстанның Тәуелсіздік алуы және ауыр индустрия алыбы – Қазақстан Магниткасының құрылу тақырыптарын ашып көрсету. Мәдениет пен өнердің объектісі ретінде Орталық мәдениет саласында мемлекеттік саясатты, ҚР тарихын музей түрінде көрсетіп, құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсету жолдары арқылы білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда атсалысады. Орталық рухани қалыптасуға, қазақстандықтарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге, сонымен қатар, ұлттық және әлемдік өнер мен мәдениетке қол жеткізуге бағытталған. Орталықтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен Елбасының өмірі мен қызметін баяндайтын алты экспозициялық залы бар. Бірінші зал «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады. Залдағы экспонаттар еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарының тарихынан сыр шертеді. Мұнда Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайлануы, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің бекітілуі, Ата заңының қабылдануы, Қарулы күштерінің құрылуы, экономикалық тәуелсіздігіміздің символы іспетті ұлттық валютамыз-теңгенің айналымға енгізілуі, жаңа елордамыз Астананың салынуына арналған құнды да бірегей зкспонаттар қойылған. Екінші зал «Өз заманының перзенті» деп аталады. Залда болашақ Елбасының жастық шағы, ата-анасы, туған жері, мектептегі кездері және Украинаның Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищеде білім алған кезеңдеріне байланысты фотосуреттер мен құжаттар орын алған. «Тұлғаның ерен қабілеті» атты үшінші залда Н.Назарбаевтың Қарағанды металлургия комбинатындағы еңбек жолының басталуы, студенттік жылдары, болашақ Президенттің отбасын құруына байланысты жәдігерлер бар. Төртінші зал «Қазақстанның құрыш келбеті» деп аталады. Мұнда металлургия өндірісінің толық кешені көрсетілген. Залдың дизайны мен жаңа инновациялық технологияны пайдаланып жасалған экспонаттары келушілерде металлургиялық кәсіпорында болғандай әсер қалдырады. «Уақыт ағымында» атты бесінші зал Н.Ә.Назарбаевтың саяси еңбек жолының басталуы, оның Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысынан бастап, Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайлану тарихы туралы құнды мәліметтер орын алған. Алтыншы зал «Қазақстан жолы» деп аталады. Мұнда Қазақстан тәуелсіздік алған күннен қазіргі дәуірге дейінгі уақытта Елбасының басшылығымен елімізде іске асырылып 38 жатқан жасампаз істер, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда болған елеулі қоғамдық-саяси оқиғалар және экономикалық жетістіктер туралы экспонаттар орын алған. Орталықтың барша экспозициялық залдары заманауи инновациялық және ақпараттық технологиялармен жабдықталған, келушілер залдардағы тиісті экспонаттар туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік беретін ақпараттық киоскілерден (тачскриндер) пайдаланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button