Мақала

Түркістанtravel. Өңірдің 7 кереметі

Түркістан өңірі – аңыз бен тарихқа толы мекен. Өңірдің көзбен көруге тұрарлық бірнеше мекенін тілге тиек етпекпіз. 

Арыстан баб кесенесі – ХІІ ғасырда негізі қаланған Түркістан облысындағы киелі орындардың бірі. Арыстан баб – Қожа Ахмет Ясауидың ұстазы. Осыған орай халық арасында «Арыстан бабқа түне, Ясауидан тіле» деген түсінік қалыптасқан.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әлемнің сегізінші кереметі аталған сарайлар мен ғибадатханалардың кешені. Кешенде қазақ хандары, биелрі мен билеушілері, батырлары мен басқа да тарихи тұлғалар жерленген.

Ақмешіт әулие үңгірі – Орта Азиядағы ең үлкен үңгірлердің бірі. Үңгірдік ішінде түрлі өсімдіктер өседі. Шырақшының айтуынша үңгірде (кісі аяғы көбеймей тұрып) үкілер мекендеген.

Үкаша ата құдығы – 28 метр тереңдікте жатқан киелі құдық. Құдық кез келген адамға су бермейтінімен ерекшеленеді. Киелі мекен қазіргі күні туристер көп баратын орынға айналған.

Домалақ ана кесенесі – Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында ел ішінде Домалақ ана атанған Нұрила Әли Сыланқызының зиратына тұрғызылған тарихи нысан. Халық арасында Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам ғана өте алады деген аңыз бар.

Сауран қаласы – жеті қабат дуалмен қоршалған, ішінде рабат, мешіті бар ХІІ ғасырдағы ірі сауда орталығы.

Жылаған ата үңгірі – Жылаған ата өзені бойында орналасқан үңгір. Үңгірде диаметрі 15-18 см болатын қуыс бар. Осы қуыстан келушінің ниетіне қарай оқтын-оқтын шу ағады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button