Жаңалық

Ұлттық академиялық кітапханаға Байменов сыйлаған құнды кітап

Бұл кітап –  «Хаяту Хаяван», – деп аталатын, XIV ғасырда Мысырда белгілі ғалым Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али араб тіліндегі, «насх» каллиграфиялық жазумен жазған жануарлар әлемі туралы энциклопедия.

Осы бірегей туындыны 2018 жылдың соңына қарай Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов Ұлттық академиялық кітапхананың сирек кітаптар қорына сыйлаған-тын.

1900 жылы энциклопедия Қазанда Императорлық университет баспасында қайта басылған.Осы басылымның бір данасы кітапханаға ұсынылды. Оны қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы жүргізді.

Онлайн режимде аталмыш таңғажайып энциклопедияның тұсаукесері өтті.Көрермендерге кітапты таныстыруда Байменов Әлихан Мұхамедиұлы тікелей эфирде басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Қызықты, мазмұнды әңгімелер айтып, көрермендердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Әлихан Мұхамедиұлы Байменов – Мемлекет қайраткері, Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы Басқарушы комитеті, «Менеджментті дамыту Қазақстандық қоры» қоғамдық қоры, «Темірқазық» ұлттық сарапшылар Клубының Төрағасы, Дүниежүзілік және Қазақ Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті, техника ғылымдарының кандидаты

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button