Жаңалық

#ҰЛЫ_ДАЛАНЫҢ_ЖЕТІ_ҚЫРЫ: СӘНДІК ЖОЛАҚТАР

Ұлы даладан табылған ескі өркениеттің үлгілері қандай? Сәндік бұйымдары неден және қалай жасалды?

ПІШІНДІ ӘШЕКЕЙЛІК-СӘНДІК ЖОЛАҚ (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Лекал сызғышы тәрізді пішінді-сәндік жапсырма жолағының оң және сол жағы. Бас киім әшекейі. Жіңішке жолақ, тіліктердің құрамдас кескіндері бедерлі. Тігугі арналған саңылаулары бар әшекей бұйымы.

Салмағы – 0,45 гр;

Материалы – сары түсті металл;

ГЕОМЕТРИАЛЫҚ ПІШІНДЕГІ ТІЛІКТЕР (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Бас киім әшекейі. Шеттерінде төртбұрышты ұзын тіліктері, ортасында дөңгеленген саңылаулары бар. Тіліктер қызыл түсті бояумен өрнектеліп әшекейленген.

Салмағы – 3 гр;

Көлемі – 17х17, 2х2 см;

Материалы – сары түсті металл;

ТАУ ШЫҢДАРЫ БЕЙНЕСІНДЕГІ ТІЛІК (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. IV-III ғғ.

Тау шыңдарына ұқсастырылып жасалған тау бейнесіндегі тілік. Бас киімге немесе сырт киім қапсырмасына арналдып жасалған үш үлкен, екі кіші «шыңдары» бар сәндік әшекей. Төменге жағында киімге тігуге ыңғайлы болуы үшін бірнеше саңылау тесілген мөртабан үлгісіндегі бұйым.

Салмағы – 2,30 гр;

Материалы – алтын;

КІШІ ҚҰС ҚАНАТТАРЫ ТҮРІНДЕГІ ТІЛІКТЕР (ТҮПНҰСҚА)

Есік қорғаны, ж.с.д. V- IV ғғ.

Сызықтар арқылы қауырсындары бедерленген. Қауырсындарды білдіретін зергерлік сызықтар бойынша қызыл бояумен жалатынған, арнайы көрсетілген өрнекті алтыны бар, бетінде қысқыштан қалған іздері бар кіші құс қанаттары тілігі. Бас киімдердегі олардың орналасқан жерлері нақты айқындалмаған мөртабан өрнегі.

Салмағы – 1,10 гр;

Көлемі – 8,1х2,8 см;

Материалы – алтын;

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button