X Азаматтық форум басталды
Х Азаматтық форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтетін негізгі іс-шаралардың бірі.
«Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» мерейтойлық X Азаматтық форумы 2021 жылғы 22-26 қараша аралығында өтеді.
Форумның іс-шаралары демократиялық процестерді дамыту, Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ социумның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналады. Форум бағдарламасы көптеген тақырыптарды, сарапшылар мен қатысушыларды қамтиды. Сондай-ақ форум аясында 30-дан астам пікірталас алаңдары, сараптамалық талқылаулар, фасилитациялық және панельдік сессиялар ұйымдастырылады.
Форум қарсаңында және апта бойы министрлердің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері, әкімдердің өңірлердегі ҮЕҰ өкілдерімен кездесулері, шағын гранттар жобаларының таныстырылымы, сондай-ақ «ҮЕҰ сыйлығы» мен «Таңдау» сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі ұйымдастырылады.
Брифинг спикерлері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажеттілігін ескере отырып, форум офлайн және онлайн гибридті форматта өтеді. «Форум апталығының Онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында және YouTube арнасында жүргізіледі. Форум сайтында мерейтойлық Х Азаматтық форумға тіркеу ашық, ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Қатысуға өтінімді azamattyqforum10.kz. форумның ресми сайтында қалдыруға болады. Азаматтық Форум – бұл азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің мүдделерін халықаралық үкіметтік емес сектормен байланыстыратын негізгі, ең ірі диалог алаңы.
Форум ҮЕҰ көшбасшыларының, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнестің бірінші басшыларының, отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтеді.