Жаңалық Арнайы жобалар Фото

Жазушылар үйінде «Қазақстанның халық жазушысына» құрмет көрсетілді

Жақында ғана Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті жазушы Төлен Әбдік «Қазақстанның халық жазушысы» атағымен марапатталған болатын. Бүгін Жазушылар үйінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Астана қалалық филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы жазушыны елордалық барша қаламгерлер атынан құттықтап, иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Бас қалада жас ақын-жазушылар қатары көбейіп, өзіндік әдеби орта қалыптасқан. Аға буын мен жастардың ортақ ой алмасып, шығармашылық байланыс орнататын бірден бір жер – филиалдың «Жазушылар үйі». Филиалдың мұрындық болуымен осыған дейін қаламгерлермен жүздесулер, әдеби талқылаулар, түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Бүгін де сондай тағылымды шара өз жалғасын тапты.

Шараға ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әлібек Асқаров,   Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Қуаныш Жиенбай, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, жазушы, «Жетінші арнаның» аға продюсері Мирас Мұқаш қатысты.

Төлен аға күй шертіп, көптеген естеліктер айтылды. Жазушылар астаналық филиалдың жұмыс барысымен, тыныс-тіршілігімен танысып, қаламгерлер ордасының қадамына сәттілік тіледі. Жазушы мерейі – елдің мерейі. Жазушының абыройынсыз елдің мерейі үстем болмайтынын баса айтты.

Төлен аға және төрт қарағай

Еліміздің бас қаласының құтты шаңырағында бас қосқан қаламгерлер қауымы Жазушылар үйінің алдына арнайы әкелінген қарағайларды отырғызды. Тынымсыз жұмыс істейтін жазушылардың табиғат аясында тынысы кеңіп, ерекше көңіл-күймен әдебиет жайлы әңгіменің тиегін ағытты. Өзара қауқылдаса сыр ақтарысып, бұдан былай жазушылар үйіне жиі-жиі ат басын бұрып тұратынын айтып, рухани көкжиегіміз кеңейе берсін деген ізгі тілекпен тарқасып жатты.

Еркін отырып, емен-жарқын ақтарылғын әңгіменің сіргежияр тұсында қонақ иесі, осы кештің ұйытқысы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы барша қауымға шын көңілмен рақмет айтып, шығармашылық үйінің іргесін бірге бекітіп, керегесін бірлесе кеңейтуге шақырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button