Нұр-Сұлтан қаласы

КОНСТАНТИН-ЕЛЕНА ШІРКЕУІ

Нұр-Сұлтан қаласының орталық бөлігінде орналасқан (Республика даңғылы) Константин-Елена шіркеуі қаланың құнды тарихи және мәдени ескерткіштерінің бірі болып табылады. Көне православ шіркеуі Сібір казак әскерлерінің қазыналық қаржысына 1854-1856 жылдары қамалдың ішіндегі үлкен алаңның ортасына, биік жерге салынды. Ішкі жұмыстары толығымен 1858 жылы аяқталды. Ағаштан салынатын бұл шіркеудің жобасы 1850 жылы дайын болған. Бір қабатты, крест тәрізді ірге тасқа салынған құрылысқа Ақмола бекінісі гарнизонының инженері, поручик Г.А.Воротников жетекшілік жасады деген мәлімет бар.

1856 жылы шіркеу қызметкері Иоанн Торопов шіркеуді Әулие Константин және Елена патшалардың атымен атады. 1900-1902 жылдары шіркеу бұзылып, «Казачья станицаға» көшірілді. 1938 жылы шіркеу жабылды, ал 1940 жылы ғимарат тарихи-өлкетану мұражайына табысталды. 1941-1942 жылдары шіркеу ғимаратына Ақмолада ұйымдастырылған 29-шы атқыштар дивизиясының байланыс батальоны орналастырылған. Дінге сенуге жеңілдіктер ашылғанына байланысты Константин-Елена шіркеуі 1942 жылы мінәжат орнына қайта айналды.

Тарихи ескерткіш XIX ғасырдан сақталып қалған жалғыз ғибадат ету орны. Сонымен қатар шіркеу бастапқы кезеңдердегі қала мәдениеті дамуының көрінісі іспеттес.

Сілтеме: 1. Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. –Астана: Фолиант, 2017. –9 б.; 2. Қасиетті Қазақстан. 1-том. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. –40 б.

Константин және Елена шіркеуі Республика даңғылында орналасқан.

Шіркеу бір тақтық, бес тараулы дұрыс кірес түрде. Ғимараттың ұзындығы 33 метр, ені 8 метр. Шіркеуге кірес түрін беретін жақтарындағы екі ғимараттар мөлшері 3,6х4 метр. Православты шіркеудің нақты сызықтары ғимаратқа жеңілдің пен сәнділік беру мақсатында биікке бағытталған.

Куб тәрізді аумақтың төбесінде бас басқармаға жалғасатын, жазық шатырмен жабылған, терезесі бар 8-жақты барабан ілініп тұр. Жабындының үстінде 8-жақты барабаны бар тікбұрышты негізді қоңырау ілінгіп тұр және жоғары жағында орталық шатырдағы сияқты жазық шатырмен жабылған қоңырау мұнарасының баспалдақтары бар. Қоңырау ғимаратқа батыстан кіретін жерде орналасқан.

Қазіргі таңда ол тастан жасалғандай сыланған.

Ескерткіш қаладағы 19 ғасырдан бері сақталып келе жатқан жалғыз діни ғимарат ретінде бағалы және ол қала құрылысының тарихындағы қала мәдениетінің дауындағы белгілі бір кезеңді бейнелейді.

Ескерткіштің тарихы Ақмола облысының жорық жасаушы дін қызметшісі Михаил Никольский 1849 жылы 12 қыркүйекте шекаралық басшылыққа шіркеудің құрылысын 1850 жылы ерте көктемде бастауын сұрағаннан басталады. Ағаш шіркеудің құрылысының жобасы мен сметасы 1850 жылы маусымда дайын болады.

1856 жылы 8 шілдеде шіркеулік протоиерей Иоанн Торопов шіркеуді әулие апостол патшалар Константин мен Еленаның атына дәріптеді. Шіркеудің алғашқы дін қызметкері Михаил Никольский. Шіркеудің сыртын әрлеу жұмыстары 1858 жылы жаз мезгілінде аяқталған.

1893 жылғы 27 сәуірдегі қаулы бойынша, Ақмоланың казактарының талабына сай Константин-Еленинский шіркеуін Ақмоланың станица алаңына көшіруге рұқсат берді. Станица алаңының құрылысы 1900 жылы 14 мамырда болды. Көшіру үрдісі 1902 жылдың басында аяқталды.

Шіркеу басындағыдай бір тақтық, дұрыс кірес түрде, бірақ өзгеріп бес тараулы болған. Бұл сол замандағы сәулетшіліктің ресми ағынына сай болған.

1938 жылы Константин-Еленинский шіркеуі жабылды. Кірес пен қоңырау шешіліп, қоңырау мұнарасы бұзылған. 1940 жылы ғимарат тарихи-өлкетану мұражайының қол астына берілген. 1941-1942 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары шіркеу ғимаратында Ақмолада құрылған, 29-шы атқыштар дивизиясының жеке батальоны орналасқан.Ақмола тұрғындарының сұрауы бойынша, Константин-Еленинский шіркеуінде құдайға табыну қалпына келді.

Сол кезден бастап және бүгінгі күнге дейін ең ескі діни құрылыс ғимараттарының бірінде құдайға табыну жалғасуда.

Сілтеме: www.kieliqazaqstan.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button