Алматы облысы

Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені

Орналасқан жері: Алматы облысы,  Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы

Қысқаша мәлімет: Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені 1985 жылы Алтынемел баурайында  ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Мемориалдық кешен ғалымның бейітіне қойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбольдің басты ғимараты-  Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен («төрт құлақ») туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық байқауында 2 орын алып, күміс медальға ие болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button