Түркістан облысы

Әлқожа ата кесенесі

Әлқожа ата кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. ХІІ ғасыр шамасында салынып, қазіргі уақытқа тек құлпытасы ғана аман жеткен. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым қашықтықта Ә.Тұтқабаев көшесінде орналасқан.

Географиялық координаттары: N 43°17.428”.,    E 068°17.171”

Қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйген кірпіштен қаланған. Қабірхана мен жамағатхана бөлмелері күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген. Халық аузындағы аңызға қарағанда Әлқожа ата Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта мәдени ағартушылық және туристік экскурсиялық мақсатта пайдаланылуда.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button