Түркістан облысы

Домалақ ана кесенесі 1996 ж

Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылынан 2 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Домалақ ананың шын есімі – Нұрила Әли Сланқызының. Ол ел ұранына айналған абыз аналардың бірі, түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Домалақ ана 1378 жылы Түркістан қаласында өмірге келген. Домалақ ана – Бәйдібек бидің үшінші әйелі болған. Өзінің ақылдылығымен ел іші бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған.

Шежіре сөздің бірінде Нұрила (Домалақ ана, Домалақ ене) әу баста Бәйдібек бидің есігінде жүрген күңі еді дейді. Нұрила қыз бір күні қауға тартып тұрып құдыққа құлап кетіпті. Сол кезде ел аузына іліккен Бәйдібек би қанша күтуші-қызметшісі болса да, өз атын өзі суарады екен. Атын суарайын деп келсе, құдық түбінде дірдектеп тұрған Нұриланы көреді. Бәйдібек би дереу қауға тастап, Нұриланы саумалдай көтеріп, жақындай бергенде білегінен қос қолдап ұстап шығарып алады. Осы жолы Бәйдібек бидің Нұрилаға көзі түсіп, көңілі ауып еді» дейді.

Кесенесі бастапқыда 1456 жылы күмбездері бар 4 қабырғалық мазар түрінде салынған. Құрылыс бірнеше рет қайтадан салынып, қазіргі уақытқа оның бастапқыдағы кейпі жетпеген. Кесене қазіргі кейпіне 1996 жылы сәулетші С. Тоқтамыстың жобасы бойынша күрделі қалпына Маңғыстаудан әкелінген ақ тастардан қалау жасалынған. Домалақ Ана кесенесінің сегізқабаттық күмбезі негізгі құрылыс үстінде орналасқан. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес. Аңыз бойынша Домалақ Ана кесенесінде екі киелі тас бар, оның арасынан тек тақуа адам өте алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button