Түркістан облысы

Ишан базар (Аққойлы) мешіті ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. Басы

Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында орналасқан. Мешіт ХІХ ғ. аяғында өңірдегі үлкен мешіттердің бірі ретінде бой көтерген. Ақмешіт тарихы сәулеттік ескерткіш XIX ғасырдың басында шамамен 1803 жылы салынған. Ғимаратты салуға жалпы басшылықты Мағзум әулетінен шыққан.  Бұқара қаласынан арабша ілімді меңгеріп қари атағын алған Мәдіқары болған. Мәдіқары ілімін жетілдіріп келген соң ауыл қаряларының батасын алып Ақмешітті бастап кеткен.

Осы жердегі көнекөз қариялардың айтуы бойынша «Ақмешіт медресесін» Бұқара қаласынан келген ұсталар соғып шыққан. Қосалқы жұмыстарға жергілікті жердегі 300-ге тарта адамдар жұмыс атқарады. Жоғарыдағы ғибадатхана жергілікті халықтың күшімен, өнерімен салынған. Оның құрылысын зерделесек, Қазақстанда өте сирек ұшырасатын намазғах типтес мешіт екенін байқаймыз. Намазғах немесе мусалла мерекелік мешіттер деген ұғымды білдіреді. Осындай мешіттер маңында діни мерекелер кезінде жәрмеңке, ойын-сауық өткізілген Мешіт медрессе ретінде де пайдаланған. Ақмешіт  медресесінің ішкі бөлмелерін сипаттайтын болсақ, ұзындығы 34 метр, ені-20 метр, биіктігі-18 метр. Ғимарат 14 күмбезден  тұрады осы күмбездердің арасын 1,5 метрден асатын кірпішпен қаланған діңгектер бөліп тұр. Қабырғасының қалыңдығы-1,45 м. Үлкен күмбездің диаметрі 9,5 м, күмбез 60 сантиметр қалыңдықта екі қышпен өрілген. Арасына цемент тәріздес аппақ құм мен майда қиыршық тас араласқан қорытпа пайдаланған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button