Түркістан облысы

Ысмайыл ата сәулет кешені ХІ-ХІХ ғғ

Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында ортағасырлық ірі архитектуралық кешенді ескерткіштер сақталған. Соның бірі әрі ең ірісі – «Ысмайыл ата» архитектуралық сәулет кешені. Бұл кешен Ысмайыл ата кесенесі, Жебірәйіл ата кесенесі, Қошқар ата кесенесі секілді бірнеше кесенелерден және ортағасырлық мешіттен, сопы дәруштердің шілдеханасынан, қақпадан тұрады. Архитектуралық кешеннің басты өзегі – Ысмайыл ата кесенесі. Кесене Х-ХІ ғасырларда ғұмыр кешкен исламдық сопылық ағымының көрнекті өкілі, шейх – Ысмайыл атаға арнап салынған. Кесененің алғашқы салынған мерзімі ХІ ғасырға жатады. XIV-XV ғасырлардағы Тимуридтер династиясының заманында кесене қайта тұрғызылып, архитектуралық кешенге айналған.

Ысмайыл ата Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген сопылық исламды насихаттаған әулие кісі болған екен. Ол әулие кісі туралы жергілікті тұрғындар арасында аңыз-әңгімелер көп. Мешіт шағын ауланы қоршай шеңберлене бытырай орналасқан бірнеше мазардан тұрады. Бұл құрылыстардың айналасын қазіргі кезде зираттар басқан, мешіттің алдында гүлзар жеміс ағаштары мен жүзім өсірілген бақ бар. Кешен аумағы бір кезде қоршаулы болған. Бүгінде бұл қоршаудан архитектуралық ескерткіш болып табылатын қақпалар ғана қалған. Алғаш салынғанда 9 күмбезі болған мешіт Кеңес үкіметі жылдары жабылғаннан кейін төбесі жарамсыз болып қалғандықтан, қайта тұрғызуға мүмкін болмады да, бір күмбездік болып жасалынды. Мешіт көлемі – 572 шаршы метр. Қазір 800 орындық мешітте бес уақыт намаз өтелуде.

Көнеден жеткен деректер бойынша Ысмайыл атаның басына орнатылған кесенені Әмір Темір салдырған деседі. Оның қасында Жәбірейілдің кесенесі бар. Ысмайыл ата Ахмет Ясауидің немере інісі болып келеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button