Жаңалық

Иса мен Досан батырлар туралы не білесіз? (видео)

Елінің азаттығы, жерінің тұ­тас­тығы жолында атқа қонған ер­лер­дің бас көтерулері – қа­зақ тарихының құнарлы, қы­зық­ты һәм қайғылы-қасіретті бет­­тері.

Көтерілістер қам­тыған аума­ғы, қатысқан сарбаздар са­ны, созыл­ған жылдары, адам шы­­­ғыны, ұйымдасуы-ұйым­дас­пауы, жетістік-жеңісі сынды өл­шем­дерге қарап, ірілі-ұсақты деп сипатталуы мүмкін, алайда олардың ең басты мақсаты мен мүддесі бодандыққа түспеу, еге­мендікті сақтау, ел мен жерді қор­ғау болғандықтан, бәрі – ірі, бәрі – ұлы! Өйткені ауыл ара­сындағы әлдебір ерегістен туған есерсоқтық емес, қара бас­­тың қа­мын ойлаған мерездік емес, отбасы-бала-шағаның ғана күйін күйттеген пысықайлық емес, ел үшін тәуекелге бел буып, жанынан баз кешу – ер­лер­­дің ісі.

 

Қазақ даласындағы орыс отаршылдығына қарсы көте­рілістер мейлі ірі болсын, ұсақ бол­масын жеңіске жетіп, жауды бір­жола күйретіп, қазақтың ба­сы­нан бодандық қамытын сыпырып тастай алған жоқ, жеңілді, жанышталды, батырлары соттал­ды, атылды.

 

Мұның себебі елдің немесе ердің әлсіздігінде емес, қарудың күшінде! Мұздай қару­лана сап түзеген әскердің алдында даланың есіл ерлері соңғы қа­ны сарқылып, соңғы күші тау­сылғанша айқасты, қазақтың қа­былан жүректі халық екенін дәлелдей түсті. Азаттықты аңсап, озбырлыққа көнбеген көтерілістің бірі – Маң­ғыстаудағы Иса-Досан көтерілісі.

 

Биыл аталған ұлт-азаттық көтері­лісіне – 150 жыл.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button