Маңғыстау облысы

ОТПАН ТАУ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ

Бұл кешен Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесінде (биіктігі – 532 м), Ақтау-Таушық-Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды  ауылы мен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде орналасқан. Таудың басында Адай батырға 37 метрлік ескерткіш орнатылып, 2007 жылы батырға арналып «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды.

Ерте заманда елге жау шапқанда кең-байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинап, туған жерін қорғау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Отпан таудың басынан жаққан алау от сонау Үстірттің үстінен көрінеді екен. «Отпан тау – жеріміздің төрі, Адай ата кесенесі – еліміздің мөрі» деген ұран осы жердің барлық құдіреттілігін сипаттайды. Отпан тау – батырларымыз бен билеріміздің басын қосып, ақылдасып, елдің тағдырын шешетін шешімдер қабылдаған жер. Аталарымыз осы жерде елдің амандығына садақа беріп, Алладан ұрпақтарына саулық тілеп, алыс жолға аттандырып отырған. Ерте заманда адам баласын суықтан қорғайтын панасы, ыстықтан қорғайтын көлеңке, жауыннан қорғайтын шатыр, жел мен дауылдан қорғайтын ықтасын болған.

«Адай ата – Отпан тау» рухани тарихи-мәдени кешені төмендегідей бірнеше құрылыстан тұрады: Ақсарай – Адай атамыздың Ақордасы; «Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы тас дәуірінен осы күнге дейін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, мәдениеті бойынша жинақталған мәліметтер жүйеленген экспозициялық көрме залы; Адай ата кесенесі; Ана келбеті ескерткіші; Адай ата елінің елтаңбасы; Түркі халықтарының символы – көкбөрі ескерткіші; Ұран оты; батырлар алаңы;  Ту төбе.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=186

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button