Жаңалық

Құтқарушылар аллеясы ашылмақ

Алматыда салынатын жаңа саябақта құтқарушылар аллеясы ашылады, деп хабарлайды Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы. 

Бөгенбай батыр көшесінің бойында С.Мұқанов пен Есентай өзені аралығында жаңа саябақтың құрылысы басталды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өтініші бойынша ол жерде құтқарушылар аллеясы пайда болады.

«Саябақта келушілерге барлық жағдай жасалады: жаяу жүргіншілер жолы төселіп, орындықтар орнатылады. Одан бөлек, үйеңкі, ерен, жөке сынды жапырақты ағаштар отырғызылады. Сонымен қатар, құтқарушылардың құрметіне арналған монумент пайда болмақ», – деп атап өтті басқармадағылар.

Саябақтың құрылысы жаздың басында аяқталады деп күтілуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button