Мақала Редакция таңдауы

Сыбаға кімге беріледі?

Қазақ ұлты тамақта үлкен қасиеттілік бар деп біледі. Қазақтар сүт тағамдарына да үлкен сыйластықпен құрмет тұтады. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов «Тәңір» атты зерттеу мақаласында: «Егер сүт кездейсоқ жерге төгіліп кетсе, онда сол сүтке саусақтарды былғап, аруақтар ашу шақырмасын деп сыйыну керек. Содан соң сүт төгілген жерге топырақ себу керек», – деп жазған.

Қазақтар наннан биік ештеңе жоқ деп түсініп, оны күнге ұқсас дөңгелек етіп пісіреді. Ал нанды бір қолмен сындыру қазақ ұғымында нанды сыйламау әрі үлкен әдепсіздік деп бағаланады. «Нанға қолың жетпесе, құранның үстіне тұрып алуға болады, бірақ құранды алу үшін нанның үстіне тұруға болмайды» деген сөз тамақтың қасиеттілігін терең ұғынғандықтан пайда болған.

Жастар мен балаларға арналған ереже

Қазақ ұлтының тұрмысының үлкен білгірі ғалым Шайзада Тоқтабай өз еңберінде «Үй сыртында жүріп бара жатып немесе жатқан кезде тамақ ішу әдепсіздік болып саналатынын» атап өтеді.  Бұл жөнінде қазақ қоғамында түрлі сенімдер бар. Егер жерге ұн төгілсе, онда ұрыс-керіс болады, ал тұз төгілсе, шаңыраққа  жағымсыз келеңсіздіктердің келері сөзсіз. Ата-аналар  балаларына тамақ ішудің әдістерін бала кезінен үйрететін болған. Баланың тойымсыздығы ашаршылыққа апаруы мүмкін деп сенген. Тамаққа байланысты жастарға арналған ережелер де бар. Мысалы, әкесі тірі адам бас ұстамайды.

Жақын туыспен бөлісу

Қазақ халқында туыстар мен жасы үлкендерге деген сыйластық тамақ арқылы көрініс тауып жатады. «Сыбаға беру» салты осылай пайда болған.

Бұл салт бойынша сойылған жылқы мен қойдың еттерін жасы үлкен туыстарға бөліп береді.

Қазақ салттарын жинаушы Сейіт Кенжеахметұлы қазақ халқында «Сыбаға беру» салтының бірнеше түрі бар екенін айтады:

«Су сыбаға — балық аулау барысында беріледі. Әдетте бұл балықты көп ұстағанда болады. Жақын жердегі ауылдың адамдары көп балық ауланғанын құттықтай келеді. Балықшылар өз кезегінде оған су сыбаға береді».

Өлі сыбаға — азамттары жоқ қарттарға, жетім-жесірлерге беріледі.

Қара сыбаға — қайтыс болған адамның жанұясына берілетін ет».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button