Жаңалық Редакция таңдауы

«30 қайырымды іс» марафоны басталды

Ақмола облысы Әділет департаменті Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында кездесу өткізді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асырылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде Әділет департаментімен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша және азаматтардың білікті заң көмегін алу конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында әртүрлі  іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған «30 қайырымды іс» марафоны шеңберінде Әділет Департаментімен Көкшетау қаласының полиция Басқармасы ювеналды бөлімімен бірлесіп, заң кеңесшісі, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты мен жеке сот орындаулары және жеке нотариустың қатысуымен Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен  азаматтармен  кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департамент және Көкшетау қалалық полиция Басқармасының қызметкерлері ажырасу, алимент өндіру мәселелері аталып өтті.

«Шанс» дағдарыс орталығының тұрғындарымен кездесу барысында  олардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және сотқа құжаттарды ресімдеу және алимент төлеу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Көкшетау қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы жағдайы төмен отбасылармен өздерінің кәмелетке толмаған балаларын  тәрбиелеу туралы әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар,  аталған дағдарыс орталығының тұрғындарына қажетті көмек көрсетілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button