Жаңалық Редакция таңдауы

Еліміздегі «Ең қайырымды өңір» анықталды

«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең қайырымды» байқауының «Ең қайырымды өңір» номинациясы бойынша Павлодар облысы 1-орынға ие болды.

Аталған номинация бойынша  Шығыс Қазақстан облысы 2-орын, ал Қарағанды облысы 3-орынға ие болды.

Бүгін Павлодар  қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафонының» қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Марафонға 1200 үкіметтік емес ұйым мен волонтерлік ұйым, 300-ден астам білім беру ұйымы, 360 ұжым мен кәсіподақ қатысты. Ұжымдар мен коммерциялық ұйымдардың қайырымдылыққа жіберген жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрады», – деді.

Жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру мақсатымен ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button