Жаңалық Редакция таңдауы

Наурызым қорығы – жыртқыштар жері

Қорықтар жобасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз:

Қазақстанның 1 610 973 гектар жері қорықтарға тән. Осы аумақтың 191 381 мың гектар жерін Наурызым қорығы алып жатыр.

320 мың гектар аумақты қамтып 1931 жылы ұйымдастырылған бұл мемлекеттік қорық Қостанай облысының Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан. Оған Тірсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді.

1951 жылы қорық қатардағы орман шаруашылығына айналып, ондағы ағаштар отала бастады. Ол аздай бұл аймақ қорықтық-аңшылық шаруашылыққа айналып, мына жерді мекен еткен жан-жануарлар нысанаға алынды. Орманның оталуы, қалың өрт, гүрсілдеген мылтық дауысы қорықтың құтын қашырып, мына аймақты не құсы, не аңы, не ағашы жоқ қу далаға айналдырды. Қорық ауданы 87,7 мың гектарға дейін ықшамдалып 1966 жылы қайта құрылды.

Құрыған қорық аумағында химиялық өңдеу жұмыстарын жасауға тыйым салынды, бұл жерде бұрынғыдай аудандық атқару комитетінің тапсырмасы бойынша шөп шабу тоқтатылды, браконьерлермен күрес басталды. «Наурызым» атты қоғамдық-экологиялық бірлестік құрылып, оның атынан хаттар жазылып, басшылар алдында проблемалық мәселелер қойылды. Қорық аумағын кеңейту талап етілді. Соның арқасында 2004 жылы үкіметтің Науырзым қорығын 103 мың гектарға кеңейту туралы қаулысы қабылданды. Қаржыландыру жұмыстары жақсарды, күзет күшейтілді, ғылыми жұмыстар жүргізіле бастады.

Қорықта өсімдіктің 687 түрі өседі. Қорық аумағында омыртқалы жануарлардың 342 түрі тіркелген. Аңдардың 44 түрі, құстардың 282 түрі, бауырымен жорғалағыштар және қос мекенділердің әрқайсысының үш түрінен және балықтардың 11 түрі мекендейді. Қорықта жыртқыш құстардың – 27 түрі тіркелген. Олардың 16 түрі осы жерде ұя салып, балапандарын қанаттандырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button