Жаңалық Мақала Редакция таңдауы

Турист күнделігі. Өскемен

Өскемен қаласы - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы.

Негізі 1720 жылы І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде қаланды.  Көлемі  54,4 мың гектар жерді алып жатыр. Ол бүгінде еліміздің ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы болып саналады.

Қалаға қалай жетуге болады?

Өскеменге бірнеше қаладан тікелей рейспен ұшып келуге болады. Назарларыңызға желтоқсан айына арналған авиабилет құнын ұсынамыз:

Алматы – Өскемен (24 000 – 27 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.

Нұр-Сұлтан – Өскемен (30 000 – 38 000). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 15 минут.

Түркістан – Өскемен (25 000 – 28 000 теңге). Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 40 минут.

Қайда тұрақтауға болады?

City қонақ үйі Ворошилов көшесінде орналасқан. Нөмір бағасы  8 500 теңгеден жоғары. Қонақтарға тегін Wi-Fi ұсынады.

Ust-Kamenogorsk отелінде 1 күн тұрақтау бағасы 14 000 теңгеден басталады. Қала орталығынан 1,1 км қашықтықта орналасқан. Тегін таңғы ас беріледі.

Dedeman Oskemen Tavros отелі Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Нөмір бағасы 1 адамға 28 800 теңгеден басталады. Оның барлық нөмірі жалпақ экранды теледидармен жабдықталған.

Қаланың көрікті жерлері:

  1. Ертіс жағалауы
  2. Жастар саябағы
  3. Этноауыл
  4. Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық мұражай-қорығы
  5. Тау шаңғысы курорттары

Диана Асан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button